Cinexus компаниясы | онлайн кинотеатр, онлайн кастинг мен әлеуметтік желіні

Біз туралы

CINEXUS.KZ - ОНЛАЙН КИНОТЕАТР, стримингтік платформа мен әлеуметтік желіні үйлестіре біріктірген бірегей ғаламтор-порталы. Бұл жерде адамдар пікір алмасып, киноны талқылай алады, өз видеоларын жүктеп, кино көріп, көңілінен шыққан фильмге, актер немесе сценариге дауыс бере алады. CINEXUS – интерактивті стримингтік платформа, бұл жерде жәй көрермен ретінде ғана емес, пікір бөлісіп, өзге де адамдардың жетістікке жетуіне әсер ете алады.

CINEXUS – бұл кино және шоу-бизнес әлеміндегі жаһандық, көп қызметті портал және әлеуметтік желі. Шығармашылық және тың идеялары бар адамдар қауымдастығы. Порталдың «CINEXUS» атауы екі сөзден, яғни “cinema” (кинематография) және “nexus” (біріктіру) деген сөздерден пайда болған, яғни «CINEXUS» күллі киноәлемді бір порталда біріктіреді.

«CINEXUS» идеясы 2010 жылы пайда болған. Бастапқы атауы «Большой Кастинг» (Үлкен Кастинг), кейіннен «Next Star-Me» (Келесі жұлдыз – Мен) деп аталды. Бұл жобаның міндеті – ТМД елдерінде кино, телевизия және коммерциялық жобаларға арналған актерлар іздеумен шектелген еді. Біртіндеп жоба міндеті ұлғайып, жоба CINEXUS деп аталды. 2013 жылдың 25-і наурызында АҚШ-тың Калифорния штатында тіркелді. Жоба идеясы авторлық құқықпен қорғалады, зияткерлік меншік екенін растайтын патент пен сертификат бар.

Жер бетіндегі миллиардтаған адамдарды біріктіретін қарапайым зат – ол кино көру. Көрерменге үміт сыйлайтын, қуанышқа бөлеп, түрлі сезімді бастан кешіретін – кино. Әр адамның талғамы әртүрлі, сәйкесінше әркім түрлі жанрдағы фильмдерді ұнатады, алайда, киноға мүлдем қызықпайтын адам жоқтың қасы. Әлем қарқынды түрде өзгеріп жатыр, алайда киноны жақсы көрген, қашан да жақсы көретін болады. Индустрияның заманауи даму тенденциясы бұл сала өркендеу барысында революциялық, өзгеріс кезеңіне ұшырағанын куәландырады, яғни біз адамдарға жәй көрермен болуға ғана емес, киножобаның бір бөлігі болуды ұсына аламыз. Бұл ойымызды іске асыруға бірегей CINEXUS порталы арқау болады осы порталдың көмегімен жоғарыда айтылған ғажайыптарды жасауға болады.

Кинода сүйікті актерларыңыз ойнайтын, өзіңізге ұнайтын сюжет желісі бар, соңы өз қалауыңыз бойынша аяқталатын, өзіңізге ұнайтын түсірілім тобы жұмыс істейтін, өз арманыңыздағы кино көруді қалайтыныңыз анық.

CINEXUS-тің көмегімен барлығы да мүмкін болады!

CINEXUS әлемнің түкпір-түкпіріндегі дарынды адамдарға өз қабылеттерін паш етуге мүмкіндік береді. Портал – актер, режиссер, композитор, суретші жалпы кез-келген шығармашылық адамдарының көпшілікке танылуына септігін тигізеді. Қаншама Спилберг, Джеймс Кэмерон, Тарантино және т.б секілді дарынды адамдарды дүниеге әкеледі. Жаңа Ди Каприо, Джулия Робертс, Анджелина Джоли секілді таланттардың жарыққа шығуына мұрындық болады.

Жобаның ең басты ерекшелігі – жер бетіндегі барлық адам сүйікті актерларына дауыс беріп, сюжетті және шығармашылық топты өздері таңдай алады. CINEXUS ғаламтор порталы кино және шоу-бизнес әлеміндегі кең аудиторияға ашық (портал кез-келген қолданушы үшін қолжетімді) сондай-ақ жаңа талант іздеген кино индустрияның кәсіби мамандары үшін де ашық болатын бірегей портал.

Қолданушыларымызға рөл алуға мүмкіндік береміз, басты рөл немесе эпизодтық, тіпті шағын рөл болса да, арманына бір қадам жақындата түсеміз. Жобаның түсірілім тобы да онлайн дауыс берудің нәтижесі арқылы таңдалады. Режиссер, суретші, оператор, монтаж жасайтын мамандар және жобаға қатысты өз ұсынысын білдірген кез-келген маманды таңдауға болады. Қолданушылардың ең көп дауысын жинаған жоба жеңіске жетеді.

Сценарий мен фильм идеясын кәсіби мамандар мен қарапайым адамдар ұсына алады, жеңімпаз бұл ретте де дауыс беру жүйесі арқылы анықталады. Креативті, ең қызықты фильм жобасын ұсынған адамды қолданушылар анықтайды. Жеңіске жеткен жоба, дәл осы портал арқылы ойын іске асыру үшін қаржылай көмек алу мүмкіндігі бар, сондай-ақ шығармашылық топ мүшелерін жинақтап, топ құруға, актерларды таңдап, авторлық құқығын тіркеуге мүмкіндік бар.