Cinexus компаниясы | онлайн кинотеатр, онлайн кастинг мен әлеуметтік желіні

Кастинг на 20 сериный телевизионный сериал Ынтымак ауылы

Мәди – тілі орысша шыққан орыс тілді, қала тірлігі етіне сіңіп, сүйегінен өтіп кеткен, европаға еліктегіш жігіт.
Ауыл дәстүрі туралы, ауылдағы әкесінің туыстарымен араласпақ түгілі естігісі де келмейтін қаланың селтеңбайы.
Бірақ басына түскен жағдайға байланысты ол Ынтымақ ауылында тұратын туыстарына кетуге мәжбүр толады. Кетер алдында Мәди қалада өзі танымайтын немере бауырларымен ерегесіп, төбелесіп қалады. Енді ауылға келген соң олармен бірге тұруға тура келеді.
Ауыл көп ұлтты. Бір көшенің бойында қазақ отбасы Қалыбековтар, орыс-украин отбасы Соловьевтер, шешен отбасы Салиховтар және неміс Шмидтер көрші тұрады. Бәрі тату-тәтті, береке-бірлікте өмір сүріп жатыр.
Ауылда Мәди пайда болысымен бір қалыпты өтіп жатқан ауылдың күнделікті күйбең тіршілігі асты-үстіне төңкеріліп, шым-шытырық оқиғалар бастау алады.

Кейбір отбасылар неше жылдан бері мұқият жасырып келген құпиялар әшкерелене бастайды. Шындық қаншалықты жүрекке ауыр тигенімен кейіпкерлердің оны қабылдауына тура келеді. Хикая соңында әркім өз бақытына қауышып, қалыпты өмірлеріне қайтып оралады.
Мәди болса осы уақытқа дейінгі өмірін қайта ой елегінен өткізіп, жаңа парақтан бастап, туған ел, туған жер, ана тілі деген ұғымдардың не екеніне толық көз жеткізеді.
Телехикая халықаралық ынтымақты және отбасы құндылықтарын насихаттауға бағытталған.

Роли к фильму для подачи заявки

Аделина

Заявок: 13 Подать заявку

Аделина (шын аты Айгүл), 25-28 жаста. Мәнсүрдің екінші әйелі. Сәнқой, соңғы сәннен қалмайтын көрсеқызар, инста-дива. Заманауи сәнге әуес – жасанды омырау, ерін, қас т.б. Бір қарағанда жүні үлпілдеген күнәсіз мысық дерсің, ал жеме-жемге келгенде ашкөз, дүниеқоңыз әрі ақшаға сараң адам. Қара басының пайдасы үшін кісі өлтіруге дейін баруға дайын. Өзі ауылдан, көп балалы кедей отбасынан шыққан. Сол себепті де кедейліктен өлердей қорқады.

Амантай Қуатұлы

50-55 жаста. Ауылдық кеңестің басшысы. Қарапайым, қайырымды, әділ әрі еңбекқор еркек.

Арай

Заявок: 55 Подать заявку

21-23 жаста. Студент. Мараттың ғашығы. Заманауи көзқараспен өмір сүретін, білімді, өжет қыз. Бірақ өте сезімтал әрі өкпешіл.

Асет

Заявок: 27 Подать заявку

13-15 жаста. Кәдімгі мектеп оқушысы.

Әсия

45-48 жаста. Болаттың әйелі. Қарапайым ауыл келіншегі. Жақсы жар, мейірімді ана. Өзінің 100 жасқа келген атасын зор мақтан тұтады және балаларына үнемі «әне, қараңдаршы, сендердің нағашы аталарың, сендердей жасында...» деп айтып отырады. Үйде отырып сатуға сүт өнімдерін жасайды.

Болат

50-55 жаста. Отағасы. Қайырымды әрі еңбекқор. Тракторшы болып жұмыс істейді. Қалыпты, тыныш өмірді қалайтын, мықты әрі қамқор әке, тиянақтылық пен тәртіпке өте қатал. Қазақы дәстүрді ұстанатын, отбасы құндылықтарына аса мән беретін адам.

Генрих Фердинандович

65-70 жаста. Бұрынғы саяси жазалы немістің ұрпағы, құрметті тарихшы, жазушы әрі аудармашы. Қазір зейнетте, бірақ әлі жұмыс істеп жүр. Өте зиялы, оқымысты, сауатты, салиқалы, кеудесі ақыл мен қазынаға толы адам

Дмитрий

13-15 жаста. Кәдімгі бозбала.

Евгения

Заявок: 11 Подать заявку

20-23 жаста. Немересі. Көрікті неміс қызы. Қазақтың тілі мен салт-дәстүрін өте жақсы біледі. Алғыр, өте тәрбиелі, ибалы, білімқұмар қыз. Германияға оқуға түсуге дайындалып жүр. Бірақ Қазақстанды қатты жақсы көреді.

Еркін

45-50 жаста. Мәдидің әкесі. Өктем, ақылды, айлалы. Әртүрлі жолмен сәтті бизнес қалыптастырған әккі бизнесмен. Жағдайға қарай бейімделіп, кез-келген кезде тайқып шығып кететін алыпсатар. Өз пайдасы үшін көп тәуекелге бара алатын адам. Ұлы оның жолын қуатынына үміті зор болатын.

Иван

40-45 жаста. Қарапайым жұмысшы орыс еркек. Өзін-өзі әрең ұстап жүрген, ішуді қойған бұрынғы ішкіш.

Индира

45-48 жаста. Мәнсүрдің бірінші әйелі. Мәнсүр өз бизнесін осы әйелінің арқасында құрып алған. Ақылды, пысық, ұқыпты бірақ жүрегі кең, қайырымды әрі кешірімді келіншек. Бірнеше жыл бұрын Мәнсүр оны өзінің жас көңілдесі үшін тастап кеткен. Индира күйеуіне өкпелі, бірақ басына күн туып, іс түскенде күйеуін кешіруге күш табады.

Лариса

21-25 жаста. Рамзанның әйелі

Мәди

Заявок: 33 Подать заявку

23-25 жаста. Қалалық сәнқой, музыкант, нәпсіқұмар әрі бұзақы. Ауыл адамдарын жек көреді, онысын жасырмайды да. Өзін басқалардан жоғары, үстем таптың өкілі санайды, тек европа үлгісіндегі дәстүрлі қалыпты ұстанады. Тілі орысша шыққан, тек орыс тілінде сөйлейді. Сөзінің арасына шет тілдерін де қыстырып сөйлеуге құмар. Сол себепті де тілі ала-шұбар, дүбәра. Ұрыншақ, соқтықпайтын жері жоқ. Хикаяның соңында өз көзқарасын толығымен өзгертіп, шынайы құндылықтардың не екенін ұғына бастайды.

Мәнсүр

45-50 жаста. Клуб иесі, бизнесмен. 90-шы жылдардағы бұрынғы қарақшы, бірақ қазір сүттен ақ, судан таза, мінсіз. Кейде оның сөздеріне қарақшылық ортаның түсініктері мен мәтелдері араласып кетеді. Еркінге қарағанда ол үнемі әділдік жағында және «дұрыс түсінікпен» жүретін адам.

Марат

Заявок: 26 Подать заявку

23-27 жаста. Қабылбековтардың үлкен ұлы. Қалада экономист мамандығына оқып жүр. Жазғы демалысын ауылда, әке-шешесінің қасында өткізеді. Ақылды, шыншыл, әділ бірақ тез ашуланатын ашушаң жігіт.

Мәрзия

43-45 жаста. Арайдың шешесі. Ауылда қалып бәрінен құр қалғанына өкінетін, қалада тұрса тағдыры басқаша боларына сенімді, өткеніне өкініп жүретін әйел. Ауылға, аудан орталығына көшіп келгендері үшін ылғи күйеуін кінәлап, ызыңдап, күйеуінің құлақ етін жей береді. Арайдың тағдыры оларға ұқсамайтын басқаша, жақсы болғанын қалайды.

Майырбек

70-80 жаста. Хасанның әкесі. Әулеттің ақсақалы. Шешенстанда тұрады. Оның шешесі Қазақстанға жер аударылған соң оларға қамқор болған қазақтың үйінде бала үстінде қайтыс болады да Майырбекті сол қазақ отбасы асырап жеткізеді. Сондықтан қазақтарға деген шексіз алғысын ол жүрегінің төрінде сақтаған. Қазақтардың қайырымды, адал ұлт екенін балаларына үнемі айтып отырады. Оның мінезі даналық пен ынтымақтың көрінісі іспетті. Адамдар арасындағы достық пен келісімді қатты бағалайды.

Меруерт

Заявок: 76 Подать заявку

17-19 жаста. Мектепті жаңа ғана бітірген. Поп-әнші болуды армандайды. Сұлу, арманы асқақ көрікті қыз. Ауыл тірлігі оны қызықтырмайды, іші пысып қалаға қарай тартып тұрады. Ол шалқып өмір сүруге лайықты екеніне сенімді. Мінезінде «жұлдыз» болуға жақын менмендік бар.

Мәдидің тобының музыканттары

Толик (ударник), Томпақ (бас-гитара), Фара (клавиш). Бәрі ашық-жарқын, көрікті жігіттер.

Оксана

30-40 жаста. Көңілді, ақ-жарқын украин келіншек. Үстіне кестелі көйлек киіп жүреді, жақсы аспаз. Пысық, ісмер, жеке меншік дүкен ұстайды, бүкіл шаруашылық соның мойнында.

Рамзан

Заявок: 15 Подать заявку

25-30 жаста. Үлкен ұл. Қалада программист болып жұмыс істейді. Заманға сай білім алған, ақылды жігіт. Әкесінің қатып қалған ескі әдет-ғұрыптарын жақтамайды, бірақ онысын әкесіне ашық айтуға жасқанады.

Роза

43-47 жаста. Мәдидің шешесі. Биязы, нәзік, баласын ерекше жақсы көретін ана. Жақсы өмірге әбден үйренген, сұлу әрі күтімдегі әйел. Хикаяның соңында күйеуін опық жегізіп өкіндіру үшін аяқ астынан шатақ мінез көрсетеді.

Руслан

Заявок: 23 Подать заявку

13-15 жаста. Кенже ұл. Мектеп оқушысы

Сәбина

Заявок: 55 Подать заявку

18-21 жаста. Мәнсүр мен Индираның қызы. Бай әкенің ерке-шолжаң қызы. Ол Мәдиге ғашық. Ақымақ емес, арамдығы жоқ қыз, тек кейде сезімге көп беріліп кететіні бар. Бірақ басынан өткен жағдайлар оған өміріндегі көп нәрсені қайта таразылауға мәжбүр етеді.

Сәкен

Заявок: 42 Подать заявку

18-20 жаста. Ортаншы бала. Бір жыл бұрын мектеп бітірген. Осы уақытқа дейін өзіне қолайлы ештеңе таба қойған жоқ. Не істерін, кім боларын әлі ойланып жүр. Негізі қайырымды, жақсы жігіт бірақ бұзық. Үнемі бәле іздеп, ұрынып жүріп ағасын да өзінің шатақтарына араластырып жүреді

Тамара Ивановна

65-75 жаста. Ауылда музыка пәнінің оқытушысы болған. Денсаулық жағдайына байланысты Ресейде тұратын қызының қолына көшіп кеткен. Бірақ Қазақстан мен қазақтың салт-дәстүрін жүрегінің төрінде мәңгі сақтап қалған.

Үсен

47-50 жаста. Арайдың әкесі. Момын, өзінің ауылы мен туған жерін жанынан артық көретін, ұрпағы далаға кетпей осы ауылында көктеп, ұрпақ өрбітіп, осында тұрғанын қалайтын ауыл адамы. (Бұл отбасы аудан орталығында тұрады).

Участкелік полиция қызметкері

40 жаста. Қарапайым ауыл еркегі.

Фатима

43-47 жаста. Хасанның әйелі. Нәзік, артық сөзі жоқ, үндемейтін, күйеуін пір тұтатын, күйеуі не айтса да «соныкі жөн» деп жүретін ұяң келіншек. (Оның басты қарсыласы - үйінде үкім айтуға әмірі жүретін Оксана). Бірақ сыртта ол өте алғыр, өжет әрі тілі удай ашты келіншек.

Хасан

48-50 жаста. Жер аударылған шешендердің ұлы әрі немересі. Өзі Шешенстаннан бірінші шешен соғысы кезінде кетіп қалған. Орыстарды жақтыра бермейді, тек Иванды ғана сыйлайды. Себебі ол еңбекқор әрі дөрекілеу. Өзі де еңбекқор, бірақ дөрекі. Отбасында ескі әдет-ғұрыпты ұстануды жақтайтын адам

Шерхан

28-30 жаста. Мәнсүрдің көмекшісі. Арамдығы бар, қатыгез адам. Бірақ, өзіне керек кезде күштілердің алдында жағымпазданып кетеді.

CINEXUS.KZ - ОНЛАЙН КИНОТЕАТР, стримингтік платформа мен әлеуметтік желіні үйлестіре біріктірген бірегей ғаламтор-порталы. Бұл жерде адамдар пікір алмасып, киноны талқылай алады, өз видеоларын жүктеп, кино көріп, көңілінен шыққан фильмге, актер немесе сценариге дауыс бере алады. CINEXUS – интерактивті стримингтік платформа, бұл жерде жәй көрермен ретінде ғана емес, пікір бөлісіп, өзге де адамдардың жетістікке жетуіне әсер ете алады.

Толығырақ

Copyright © All rights reserved | Cinexus