Cinexus компаниясы | онлайн кинотеатр, онлайн кастинг мен әлеуметтік желіні

Майырбек

70-80 жаста. Хасанның әкесі. Әулеттің ақсақалы. Шешенстанда тұрады. Оның шешесі Қазақстанға жер аударылған соң оларға қамқор болған қазақтың үйінде бала үстінде қайтыс болады да Майырбекті сол қазақ отбасы асырап жеткізеді. Сондықтан қазақтарға деген шексіз алғысын ол жүрегінің төрінде сақтаған. Қазақтардың қайырымды, адал ұлт екенін балаларына үнемі айтып отырады. Оның мінезі даналық пен ынтымақтың көрінісі іспетті. Адамдар арасындағы достық пен келісімді қатты бағалайды.

Кастинг тапсырмалары

Кастингте қатысу ережелері

  • Төменде аталған эмоцияларды, видео материалда көрсетілген мысалдағыдай өзіңіздің нұсқанызды түсіріп, cinexus.kz сайтына жүктеңіз!
  • Эмоциялар тізімі:
    1. Қуаныш
    2. Ашу-ыза
    3. Уайым
    4. Реніш
    5. Сүйіспеншілік, махаббат
    6. Қулану
    7. Таңдану

Видео тапсырысты жүктеңіз

Видеоны жіберу үшін «Кіру» және профильді толтыру қажет