Видео успешно загружено и находится в обработке, Вы сможете увидеть его на этой странице в качестве поданой заявки в течении 2-х часов!
Меңтай – бойжеткен, ұлты қазақ, 16-21 жаста (сәл үлкенірек болуы мүмкін, бірақ жас көрінеді), тамаша актерлік шеберлік, Әзілхан Нұршайықов романында суреттеген кейіпкерге ұқсауы шарт.
Кастинг тапсырмалары
Кәсіби тәжірбие, кино немесе театрда басты рөлдерде ойнағаны маңызды емес. Меңтай – пәк, нәзік, биязы, ақылына көркі сай қазақ қызы. Қыпша бел, құралай көз, орта бойлы, нәзік, көзқарасы ерекше (таза, шынайы, мейірімділігі жанарынан көрінеді). Қазақ тілін жетік білетін, дауысы нәзік, сыңғырлаған. Қыздың бейнесі 40-шы жылдардан топ ете қалғандай көрінсе дұрыс болар еді. Заманауи гламурдың ізі болмауы тиіс. Қасы жұлынбаған, шашы кесілмеген. Келбеті келісті, әдемі қыздың үлгісі, бірақ тым қатты сұлу болмауы керек. Образ харизмалы әрі тартымды, еліктіріп әкетер бейне болуы тиіс. Біздің актер – өз кейіпкерін жақсы көретін, сол кейіпкердің ішкі жан-дүниесіне ене алатындай болуы шарт.
Кастингте қатысу ережелері
Төменде аталған эмоцияларды, видео материалда көрсетілген мысалдағыдай өзіңіздің нұсқанызды түсіріп, cinexus.kz сайтына жүктеңіз!