Cinexus компаниясы | онлайн кинотеатр, онлайн кастинг мен әлеуметтік желіні

Ербол

Ербол – жас жігіт, ұлты қазақ, 25-30 жас аралығында (сәл үлкенірек болуы мүмкін).

Кастинг тапсырмалары

Қара торы, орта бойлы, арық, Әзілхан Нұршайықов романында суреттеген кейіпкерге ұқсауы шарт. Актерлік шеберлігі жоғары деңгейде болуы керек. Театрда немесе кинода басты рөлдерде ойнағаны маңызды емес. Кейіпкер көпті көрген, соғысқа қатысқан, сондықтан салмақты, жанарынан даналық байқалуы тиіс. Бас кейіпкерді сомдайтын актер - пасық әрекеттерден алшақ болуы керек, ішкі тектілік, биязылық пен мейірімділік – актердың бойында болуы тиіс басты қасиеттер. Актер кітаптағы кейіпкерінің мінез-құлқын жақсырақ түсініп, рөлін шынайы сомдау үшін қандай да бір қиындықты бастан кешкен, өмірлік тәжірбиесі бар болуы шарт. Ұжымда жұмыс жасай алуы маңызды. ЕСКЕРТУ: атақ-даңқ қуған, табыс табуды ғана көздейтін адамдар біздің жобаға лайық емес. Біздің актер – өз кейіпкерін жақсы көріп, соның ішкі жан-дүниесіне ене алатындай болуы керек. Қазақ тілін жетік білуі – негізгі талаптардың бірі. Сондай-ақ актер әскери борышын өтеген, әскери тәртіпке машықтанған болуы маңызды.

Кастингте қатысу ережелері

  • Төменде аталған эмоцияларды, видео материалда көрсетілген мысалдағыдай өзіңіздің нұсқанызды түсіріп, cinexus.kz сайтына жүктеңіз!
  • Эмоциялар тізімі:
    1. Қуаныш
    2. Ашу-ыза
    3. Уайым
    4. Реніш
    5. Сүйіспеншілік, махаббат
    6. Қулану
    7. Таңдану

Видео тапсырысты жүктеңіз

Видеоны жіберу үшін «Кіру» және профильді толтыру қажет

CINEXUS.KZ - ОНЛАЙН КИНОТЕАТР, стримингтік платформа мен әлеуметтік желіні үйлестіре біріктірген бірегей ғаламтор-порталы. Бұл жерде адамдар пікір алмасып, киноны талқылай алады, өз видеоларын жүктеп, кино көріп, көңілінен шыққан фильмге, актер немесе сценариге дауыс бере алады. CINEXUS – интерактивті стримингтік платформа, бұл жерде жәй көрермен ретінде ғана емес, пікір бөлісіп, өзге де адамдардың жетістікке жетуіне әсер ете алады.

Толығырақ

Copyright © All rights reserved | Cinexus