Cinexus компаниясы | онлайн кинотеатр, онлайн кастинг мен әлеуметтік желіні

Зәйкүл

Зәйкүл – 20-25 жас аралығында, қазақ қызы, сұлу, тартымды, сәнқой, сылқым.

Кастинг тапсырмалары

Қазақ тілін жетік білетін, Мэрилн Монроның қазақша үлгісі (сары шашты емес). Бұл кейіпкер – тартымдылығын білетін, сұлулығының арқасында көп нәрсеге қол жеткізе алатынына сенімді қыздың үлгісі. Бұлаң қағып, кербездене жүретін, өз-өзіне сенімді бойжеткен. Тамаша актерлік шеберлік, мүсіні сымбатты, Әзілхан Нұршайықов романындағы кейіпкерге ұқсауы керек.

Кастингте қатысу ережелері

  • Төменде аталған эмоцияларды, видео материалда көрсетілген мысалдағыдай өзіңіздің нұсқанызды түсіріп, cinexus.kz сайтына жүктеңіз!
  • Эмоциялар тізімі:
    1. Қуаныш
    2. Ашу-ыза
    3. Уайым
    4. Реніш
    5. Сүйіспеншілік, махаббат
    6. Қулану
    7. Таңдану

Видео тапсырысты жүктеңіз

Видеоны жіберу үшін «Кіру» және профильді толтыру қажет

CINEXUS.KZ - ОНЛАЙН КИНОТЕАТР, стримингтік платформа мен әлеуметтік желіні үйлестіре біріктірген бірегей ғаламтор-порталы. Бұл жерде адамдар пікір алмасып, киноны талқылай алады, өз видеоларын жүктеп, кино көріп, көңілінен шыққан фильмге, актер немесе сценариге дауыс бере алады. CINEXUS – интерактивті стримингтік платформа, бұл жерде жәй көрермен ретінде ғана емес, пікір бөлісіп, өзге де адамдардың жетістікке жетуіне әсер ете алады.

Толығырақ

Copyright © All rights reserved | Cinexus