Интернеттегі фильмдер мен телешоулар

ТОЛЫҚ МЕТРАЖДЫ КӨРКЕМ ФИЛЬМ ”ҰЛЫ ДАЛА ЗАРЫ”Уже онлайн

Қапаста қалған қасырет...

Өткен ғасырдың 20 – 30 жылдары Қазақ даласында большевиктер қасақана ұйымдастырған алапат зұлымдықтың салдарынан халқымыздың 70 пайызы аштан қырылып қалды. Сайын даланы жалмауыздай жалмаған ашаршылық қасыретінің шындығы ашылмай әлі күнге дейін ақиқаттың айбарынан жел есе қойған жоқ.

Адам төзгісіз қасыретпен күресіп, ажалмен арпалыса жүріп аштан өлмеудің қамын жасаған аңшы-бүркітші отбасының алдында өте қиын таңдау тұр еді. Басқа түскен қиындыққа мойынсұнып ажалға бас иіу немесе қалай да жанталасып тіпті адамдықтан аттаса да тірі қалу.

Қыс. Тау арасындағы қазақ ауылы. Бұл ауылдың басына ашаршылықтың бұлты үйірілген. Тұрар тісқаққан аңшы-бүркітші, ол өз отбасымен ауылдан жырақ қыстауда тұрса да бүкіл ауылдың қамын ойлаған ел азаматы. Ол отбасын аштықтың тырнағынан аман алып қалудың қамын ойлап бөтендерден іргесін аулақ салған. Бір күні Тұрар тауда қыстың қақаған аязында өлім аузында жатқан досы Мәденді тауып алады. Тұрар оны ажалдан арашалап қалады, бірақ оның бұл қылығы өзіне бәле болып жабысады.

Оның отбасы аштан өлудің аз-ақ алдында. Тұрардың әйелі Нұрия балаларын аштықтан аман алып қалу үшін барып салып, жанталасып жүр. Бірақ күйеуінің көмегінсіз, адам төзгісіз жағдайларға тап болған ол балаларын аман алып қалу үшін адам ақылы бармайтын небір сұмдықтар жасауға дайын екенін ұғынады. Олардың тығырыққа тірелген болашақтары бұлыңғыр.

Қақаған қыс қаһарын төгіп тұр. Жұт жеті ағайынды деген рас екен..

Бұл қилы тағдырлардың бір араға тоғысқан, өмір мен өлім арпалысқан, адами қасиеттердің жұрдай болған, адамдықтан аттаудың аз-ақ алдында тұрған пенделердің оқиғасы. Бұл жерде мәдени құндылықтар мен адамгершілікке орын жоқ. Тек аштан өлмеудің күйін күйттеген, хайуани азғындыққа дейін баратын ашкөздік қана бар. Ар мен азғындықтың безбенге түскен сәті. Бұл сондай зұлмат заманның талқысына түскен адамдардың тағдыры. Бұл жерде адамдардың бір-біріне деген аяушылық сезімі жоқ, әркім өз қара басының қамын ойлаған пендешілік қана бар.Бірақ.....

Дала зары
Рөлдерде:
  • Саяжан Құлымбетова
  • Дулыға Ақмолда
  • Ақылхан Алмасов
  • Сафуан Шәймерденов
  • Роман Жуков
  • Сергей Уфимцев
  • Балжан Оспанбай
  • Аділет Жанғали
  • Райана Дәулет
  • Айбар Таңғыт
    Продюсер
  • Ернар Мәліков
    Режиссер
  • Марина Құнарова
    Оператор
  • Александр Рубанов
    Суретшілер
  • Бекен Нарбай
  • Сергей Дотер

Өз ой-пікіріңізді қалдырыңыз🙏🙏🙏

Всего:842

  • Автор: Аккожаева Жаныл Дата публикации: 2021-11-08

    Қайран елім, басынан не өтпеді, қандай қасірет шеккен ата-бабаларымыз. Жастар ел тарихын білуі керек.
  • Автор: Алпамыс Саида Дата публикации: 2021-09-07

    Толык нуска кайда?
  • Автор: Temirbekova Aidana Дата публикации: 2021-08-22

    Толық нұсқасы жоқ па
  • Автор: Dysembekova Gulnaziya Дата публикации: 2021-06-09

    Bul filimde Dulyga Aqmolda Agamyzdyn oiynin zhogary bagalaimin!!!
  • Автор: Jakabay Nurlan Дата публикации: 2021-06-05

    Каремет түсірген фильм. Енді дүние жүзіне жариялап, қазақ елінің осы жылдардағы аштықтан қырылғанын ГЕНОЦИД деп жарияласа, көп елдер мойындар еді
  • Автор: Assen Aida Дата публикации: 2021-06-04

    Осындай кино түсіргеніңіз үшін мың алғыс!
  • Автор: Канатович Ади Дата публикации: 2021-06-03

    Сабыр акыл шешым натиже
  • Автор: Молдақан Табиғат Дата публикации: 2021-06-02

    Толық нұсқасын қалай көрем ?
  • Автор: Бейсенбинова Асем Дата публикации: 2021-06-01

    Режиссермен болган тикелей эфирди корген кезимде бул кино мемлекеттен колдау таппаган кино каржылык жагдайынан .Режиссер озинин турып жаткан уйин саткан екен.Билмей жатып озиниздики уят сиякты.....
  • Автор: Turarbekov Berik Дата публикации: 2021-06-01

    Кино кайда?Бир коре кояйыншы деп едим киргеннен бастап каспи голд деп уят ай
  • Автор: Абираев Арыстан Дата публикации: 2021-06-01

    Турабеков Берікке Несі ұят? Өкіметтен тиын түспесе, өзің сияқты сараңдар соқыр тиынын аяса, онда біздің еліміздің қанды тарихын дүниеге жеткізу кім үшін керек? Сол аштықта өзің сияқты сараңдар бір бұрышқа тығылып, басқалар аштан өліп жатқанда ет жеп жатса керек!!! дәл сондай сұрқиялардың ұрпағынан сен болуың әбден мүмкін