Интернеттегі фильмдер мен телешоулар

ТОЛЫҚ МЕТРАЖДЫ КӨРКЕМ ФИЛЬМ ”ҰЛЫ ДАЛА ЗАРЫ”

Қапаста қалған қасырет...

Өткен ғасырдың 20 – 30 жылдары Қазақ даласында большевиктер қасақана ұйымдастырған алапат зұлымдықтың салдарынан халқымыздың 70 пайызы аштан қырылып қалды. Сайын даланы жалмауыздай жалмаған ашаршылық қасыретінің шындығы ашылмай әлі күнге дейін ақиқаттың айбарынан жел есе қойған жоқ.

Адам төзгісіз қасыретпен күресіп, ажалмен арпалыса жүріп аштан өлмеудің қамын жасаған аңшы-бүркітші отбасының алдында өте қиын таңдау тұр еді. Басқа түскен қиындыққа мойынсұнып ажалға бас иіу немесе қалай да жанталасып тіпті адамдықтан аттаса да тірі қалу.

Қыс. Тау арасындағы қазақ ауылы. Бұл ауылдың басына ашаршылықтың бұлты үйірілген. Тұрар тісқаққан аңшы-бүркітші, ол өз отбасымен ауылдан жырақ қыстауда тұрса да бүкіл ауылдың қамын ойлаған ел азаматы. Ол отбасын аштықтың тырнағынан аман алып қалудың қамын ойлап бөтендерден іргесін аулақ салған. Бір күні Тұрар тауда қыстың қақаған аязында өлім аузында жатқан досы Мәденді тауып алады. Тұрар оны ажалдан арашалап қалады, бірақ оның бұл қылығы өзіне бәле болып жабысады.

Оның отбасы аштан өлудің аз-ақ алдында. Тұрардың әйелі Нұрия балаларын аштықтан аман алып қалу үшін барып салып, жанталасып жүр. Бірақ күйеуінің көмегінсіз, адам төзгісіз жағдайларға тап болған ол балаларын аман алып қалу үшін адам ақылы бармайтын небір сұмдықтар жасауға дайын екенін ұғынады. Олардың тығырыққа тірелген болашақтары бұлыңғыр.

Қақаған қыс қаһарын төгіп тұр. Жұт жеті ағайынды деген рас екен..

Бұл қилы тағдырлардың бір араға тоғысқан, өмір мен өлім арпалысқан, адами қасиеттердің жұрдай болған, адамдықтан аттаудың аз-ақ алдында тұрған пенделердің оқиғасы. Бұл жерде мәдени құндылықтар мен адамгершілікке орын жоқ. Тек аштан өлмеудің күйін күйттеген, хайуани азғындыққа дейін баратын ашкөздік қана бар. Ар мен азғындықтың безбенге түскен сәті. Бұл сондай зұлмат заманның талқысына түскен адамдардың тағдыры. Бұл жерде адамдардың бір-біріне деген аяушылық сезімі жоқ, әркім өз қара басының қамын ойлаған пендешілік қана бар.Бірақ.....

Дала зары
Рөлдерде:
  • Саяжан Құлымбетова
  • Дулыға Ақмолда
  • Ақылхан Алмасов
  • Сафуан Шәймерденов
  • Роман Жуков
  • Сергей Уфимцев
  • Балжан Оспанбай
  • Аділет Жанғали
  • Райана Дәулет
  • Айбар Таңғыт
    Продюсер
  • Ернар Мәліков
    Режиссер
  • Марина Құнарова
    Оператор
  • Александр Рубанов
    Суретшілер
  • Бекен Нарбай
  • Сергей Дотер

Комментарии к фильму

Всего:813

  • Автор: Rauash Doseke Дата публикации: 2021-02-20

    Керемет фильм. Осы фильмди шыгаруга ат салыскан барлык ужымга алгысым шексиз. Ахмет Байтурсынулы айткандай, Голощекин кызыл жендет демекши, кызыл жендеттен де откен ешнарседен корыкпаган адам. Китаптан окып, экраннан корген 2турли асер береди екен. Оз отбасыларын аман алып калу ушин каншама казак азаматтары сол окиметке кызмет аткарып саткын атагын алган, ешкимге онай болмаган ол заманда. Ашаршылыктын зардабы ядерное бомбадан кушти болады деп естигеним бар еди, ядерное бомба зардабы 40-50 жыл, ашаршылык зардабы 100-150 жыл. Канша тарихты бурмалап жазып тастаган, акикатын ешким билмей кететин шыгар осы окиганын... Тегин корсетилимди тагы созсаныздар жаксы болатын еди.
  • Автор: Бакыткали Арнур Дата публикации: 2021-02-20

    Керемет туынды! Қазағым менің қиын қыстау кезінде басыңнан не өтпеді...Жүректен жетіп жүрекке жетті ❤️?
  • Автор: Альтаева Алмагуль Дата публикации: 2021-02-19

    Баримиз тарихтан 1932-1933жж ашаршылык кезени деп окитын едик. Бирак коз алдыма елестетип кормеппин))) Ата бабамыздын даналыгы соншалык артында урпак калдыру ушин кызын курбандыкка шалыптыгой ??? Таубамызга келип, ата бабамызга куран багыштап отыру керек.
  • Автор: ABDUKADYR BIRGANYM Дата публикации: 2021-02-20

    Өте керемет кино әсерлі қор болыптығой қаншама ата бабаларымыз ?☹???
  • Автор: Козыбагарова Альбина Дата публикации: 2021-02-18

    Сатқындық қалмайды екен ғой... Қор болған қазағым-ай... "Елім" деп өмір сүрейікші...
  • Автор: Kasymbekova Bayan Дата публикации: 2021-02-19

    Қайран қазағым ???жүрегім ауырды апамнан естуші едік бала кезімізде бірақ дәл бұл кинодағыдай болады деп ойламаптым?? Алла жарылқасын Әйтеуір осыны киноғып шығарған Ерлан ағаға Алла разы болсын ризамын ол кісіге Нағыз Өз Ұлтының баласы екенін көрсетті Алланың нұры жаусын Оскардан бас жүлде алсын деп тілеймін?????? Әитеуір 1-бвласы болсын аман қалғанына шүкір Тұрардың Еліміз аман Тыныштық заман болсынӘр қазағым аман болсын Сіздкрге Sinexsus сайтына рахмет тегін көрсетіп жатқан Шындықтың беті ашылып бүкіл Әлем танып Білсе екен??????
  • Автор: Нурмаханов Берик Дата публикации: 2021-02-16

    Мақрқұм атам айтушы еді: шешеміз біз аштықтан жылағанда қойдың терісіне арпа шашып сонымен алдайтын деп. Сонда бала-шаға сол арпаны жүннің арасынан теріп жеп алданады екен... Қарындасы күлден тұяқ жеп өлген екен... Ауылда бір кісілерді жақтырмаушы еді, бұлар аштықта адам етін жегендерің ұрпағы деп. Ауыр замандар...
  • Автор: Кантеев Султан Дата публикации: 2021-02-15

    Пожертвовал потом открылась хотел в хорошей качестве смотреть фильм не показывает.
  • Автор: б асель Дата публикации: 2021-02-11

    Здравствуйте! я оплатила,а фильм не удалось посмотреть
  • Автор: Kenesova Dina Дата публикации: 2021-02-12

    я тоже
  • Автор: Жанузакова Арайлым Дата публикации: 2021-02-10

    Барлык актерлар неге семиз)))) фильмнын озин жамандаганым емес. Бети томпак баланы корип мынау аш емес кой деген ой))). Ал фильмнын магынасы арине ерекше минсиз!
  • Автор: Нурмаханов Берик Дата публикации: 2021-02-16

    Айналайын попкорнмен кино көріп өскен жастар ай...
  • Автор: Жанузакова Арайлым Дата публикации: 2021-02-10

    Ия биз кормеген кундер. Осы сюжетти будан да жаксы тусирсе керемет болар еди.
  • Автор: Promo user34 Дата публикации: 2021-02-10

    Керемет
  • Автор: Батырбек Кыдырбек Дата публикации: 2021-02-21

    өте күшті фильм екен керемет
  • Автор: Батырбек Кыдырбек Дата публикации: 2021-02-21

    өте күшті фильм екен керемет
  • Автор: Батырбек Кыдырбек Дата публикации: 2021-02-21

    өте күшті фильм екен керемет
  • Автор: Батырбек Кыдырбек Дата публикации: 2021-02-21

    өте күшті фильм екен керемет