Интернеттегі фильмдер мен телешоулар

Интернеттегі фильмдер мен телешоулар

Сіздерді QAZAQSTAN телеарнасы шығарған фильмдер мен телешоуларды көруге шақырамыз

"QAZAQSTAN" Телеарнасы


Гауһар

Алатаудың етегіндегі зәулім сарайда өмір сүретін Алан мен Гауһардың отбасын көршілерінен бастап, іскерлік ортадағы достарына дейін үлгі қылып айтады. Олар айналасы үшін бұл өмірдегі салтанаты мен бірлігі жарасқан, сырттан қарағанның бәрі қызыға әңгімелейтін отбасы. Алайда тату шаңырақтың жылдар жасырған ауыр құпиялары бар.

Орбұлақ шайқасы

1643 жылы Орбұлақ маңында жаудың 50 мыңдық қолына төтеп берген 600 қазақ сарбазы туралы тарихи туынды

Өркениет шырақшысы

Кемеліне жеткен шағында Әбу Насыр елін тастап, Бағдадқа неге аттанды? Ұлы ойшылға қатысты «Отырар кітапханасының негізін қалаған» деген аңыз шындыққа қаншалықты жанасымды? Неліктен барша өркениетті әлем оған «екінші ұстаз» деп тағзым етеді? Деректі туындыда осы сауалдарға жауап беріліп, Әл-Фараби адамзаттың асыл қазынасы - ғылым жетістіктері мен азат ойдың құтқарушысы ретінде сипатталады. «Екінші ұстаздың» араб елдерінде жарық көрген еңбектерінің басым көпшілігі сақталғанын, ал туған еліндегілері Түркістан өркениетімен бірге жоғалғаны айтылады.

Қазбат

Телехикая Қазақстан Республикасы әскери қызметшілерінің 1995 жылдың 7 сәуірінде тәжік-ауған шекарасында бітімгерлік қызмет барысында өткерген оқиғасын баяндайды. Жаудың күші басым болған ұрыста қазақстандық 17 әскери оққа ұшып, 33-і жараланған еді.

Өз үйім

Комедия жанрындағы туындыға отандық шоу-бизнес өкілдері жұмылдырылған. Телехикая Жұлдызбаевтар отбасының тұрмыс-тіршілігін баяндайды. Оқиға басты кейіпкердің үш ұлы мен келіндері арасында өрбиді.

Қашқын

Туынды қоғамның өзекті мәселесіне айналып отырған жемқорлық, теріс діни ағымдардың әсері, дәстүрдің құнсыздануы, отбасы құндылықтары сияқты сан түрлі тақырыптарды арқау етеді.

Сонымен қатар, телехикая бүгінгі замандағы құқық қорғау өкілдерінің аса қауіпті қылмыскерлердің жолын кесудегі кәсіби жұмысы мен қоғам алдындағы ауыр міндетін ашып көрсетеді.

Биік адамгершілік қасиет пен адал еңбек жолы ғана қоғамды жақсылыққа жетелейтінін, адами өркениеттің негізі таза жолмен қызмет ету екенін ашып көрсетуді мақсат тұтады.

Телехикая оңай жерден олжа іздеген жанның қайшылыққа толы, жағымсыз өмірін бейнелеу арқылы өзгелерге ой салуды көздейді. Туындының негізгі идеясы - айналасына зиянын тигізетін адамның өмірі тығырыққа тірелетінін, заң әділдігінің қай кезде де үстемдік құратынын көрсету.

Егіз ғұмыр

Телехикаяның сюжеттік желісі – сәби күндерінде бір-бірінен ажырап, әлеуметтік жағдайлары әр түрлі отбасында өскен егіз қыздардың тағдырларына негізделген. Осыған орай олардың өмірге деген көзқарастары қарама-қайшы, танымдары әрқилы, қоғамдағы орындары да әртүрлі. Фильм 2000 жылдардың бас кезінен бастап, біздің уақытымызға дейінгі аралықты қамтиды және кейіпкерлер күресуге тура келген сол жылдардағы өмір қиындықтарын көрсетеді. Әртүрлі отбасында өрбіген оқиғалар барлық көрерменге қызықты болатын сюжеттерге айналады.

Елдің баласы

Телехикая ауыл баласы Серіктің оқиғасына құрылған. Ол білімге құштар, болашақта программист атанып, үлкен компания құруды армандайды. Сондай-ақ өзінің ашқан жаңалықтарымен елімізді әлемге танытқысы келеді.

Ғазиз жүрек

«Ғазиз жүрек» телехикаясында отбасылық құндылықтар, кәсібилік пен адамгершілік таразыға түседі. Басты кейіпкер сүйіктісін аман алып қалу үшін жарының өмірін қиюға мәжбүр болады. Бұл шешім оның өмірін күрт өзгертіп, бар әлемін тас-талқан етеді.

Әулет ары

Телехикаяның басты мақсаты - әмеңгерлік сияқты ұмыт бола бастаған байырғы дәстүрлердің қазіргі қоғамдағы сипатын көрсету, туыстық қарым-қатынасты бағалау, әулет абыройын асқақтату.

47 баланың анасы

Ата-анасыз қалған бүлдіршін балалар асырап алған үйін туған ұясындай қабылдай ала ма? Ал баланы аңсап, балалар үйінің табалдырығын аттаған әрбір жұптың жүрегі мейірімге толы ма, жоқ әлде басты мүддесі пайда ма? Қатыгездік неден бастау алады? Біздің бас кейпікеріміз тек қоғам мен заңның алдында ғана емес, балалардың алдындағы жауапкершілігін бірінші орынға қоятын адам. Ол үшін қанатының астына алған сәбилердің жүрегі мен олардың сенімі маңызды. Біз бұл телехикая арқылы жетім балалардың жанайқайын көрерменнің назарына, көпшіліктің санасына жеткізуге бел будық.

Қанатсыз құстар

Алтай жол апатына түсіп, жары мен құрсақтағы перзентінен айырылып қалады. 13 жасар қызымен жалғыз қалған ол жол апатына себепкер жігіттің мас болғанын, оның қылмысын жабу үшін әкесі біреулерге ақша беріп, істі жаба салғаны жығылғанға жұдырық болып тиеді. Алтай басқа түскен ауыртпалықтан, әділетсіздік пен шарасыздықтан әбден мүжіліп кетіп, ішімдікке салынады. Бірақ осының бәрі қиындықтың басы екенінен бейхабар еді. Араға жылдар салып, қызы тұрмысқа шығатын кезде бел құдасы жарын өлтірген қылмыскердің өзі болып шығады...

Қара жорға

Телехикая студент алмасу бағдарламасы бойынша Қазақстанға келіп, бір жыл бойы Шәймерденовтер отбасымен бір шаңырақ астында тұрған Джастин туралы. Олар Джастинді қазақшалап Шәкен деп атап, өз баласындай қабылдайды. Алайда, бір-біріне мүлде ұқсамайтын екі дүниетанымның адамдары «тар жерде» тоғысқанда, түрлі қызықты жайттар туындайды.

Сүйе білсең...

Сипаттамасы:

Екінші маусымда жігіттер шағын футболдан «Қайрат» ФК-на ауысады. Жаңа ортаға үйреніп, сіңісіп кету барысында біраз оқиғаларды бастарынан өткізеді. Телехикаяда басты кейіпкерлердің іс-әрекеті мысалында шешілетін әлеуметтік және көкейкесті мәселелер көтерілетін болады. Сонымен қатар, телехикаяда жеке шешім қабылдау мен өзін-өзі тәрбиелеу мәселелері қозғалады.

  • Жанр: телевизиялық көркем телехикая
  • Бөлім саны: 20
  • Хронометраж: 42 мин
  • Тұсаукесер: 11.04.2018
  • Эфирге шығатын күндер: Дс-жм
  • Эфир уақыты: 21:45
  • Қайталау уақыты: 12:00
  • Жоба жетекшісі: С.Ж.Жиренчина, Д.А.Кихимбаева

Бізбен бірге

Күн сайын көрсетілетін ойын-сауық және әзіл-сықақ ситкомы. Жоба арқылы көрермен түрлі жағдайға тап болған кейіпкерлердің қызықты оқиғаларына куә бола алады.

Қызыл алма

Фильм қазіргі әлеуметтің бойында кездесетін қайшылықтар, адамдардың бір-біріне деген сезімдерінің, сенімдерінің жоғалуы, сатқындық, ата-анаға деген құрметтің өз дәрежесінде көрсетілмеуі сияқты түрлі тақырыптарды қозғайды.

Туған ағасы Біржаннан қапыда айырылып қалған Рүстем енді әмеңгерлік салт бойынша жеңгесіне үйленеді. Дүниеден ерте өткен әкесінің шеберлік өнері Рүстемге дарыған. Оның жасаған сандықтары қолөнер туындысындай көркем, бірақ жанұяның ауқатты өмір сүруіне жете бермейді.

Кейіпкерлердің жан күйзелісі, өмір өткелдерінің сан қилы сынақтарынан өтіп, ең соңында отбасын сақтап қалуы әр көрерменге ой салары сөзсіз.

  • Эфирге шығатын уақыты: 21:35
  • Ұзақтығы: 42 минут
  • Аудиториясы: 12+

Ауыл сақшысы

  • Жанры: телехикая
  • Эфир күні мен уақыты: Дн-Жм, 13:10
  • Ұзақтығы: 60мин

Қыздар

  • Жанр: телехикая
  • Эфирге шығатын күндері: сейсенбі-жұма
  • Эфир уақыты: 10:00

Абысындар

  • Өндіруші: «District13 Production» ЖШС
  • Жанры: комедия
  • Тілі: қазақша
  • Хронометраж: 26 минут
  • Эфир уақыты: дүйсенбі-жұма, 10:00

«Абысындар» комедиялық телехикаясы бір үлкен отбасының үш келіні – абысындардың өмірін баяндайды. Телехикаяның басты кейіпкерлерінің жас аралықтары, әлеуметтік жағдайлары әртүрлі. Олар қазақы салт-дәстүрді қатаң ұстанатын шаңыраққа келін болып түскен. Ал, енелері ұлдарының еншілерін бермей, олардың бір шаңырақтың астында тұруын қатаң талап етеді.

Уақыт өте келе абысындар туған әпкелі-сіңлілердей болып кетеді. Абысындар әр бөлімде тек жұмылып қана шешуге болатын түрлі жағдайларға тап болады. Ал, қатал ененің көңілі келіндеріне тола бермейді, оларды өзгертуге тырысады, қысқасы, қаланың ақсаусақ қыздарын мінсіз келін еткісі келеді. Қызықты туысқандық кикілжіңдер, бүгінгі таңдағы ене мен келін қарым-қатынасы, отбасылық сүйіспеншілік – осының бәрі жаңа телехикаяның өзекті тақырыптары. Телехикая мақсаты – берекелі отбасы ошақ қасынан басталатынын, ырыстың түбі – бірлік пен өзара сыйластықта екенін көрсетіп, қазіргі заманда отбасылық деңгейде туындап жататын мәселелерді әзіл арқылы жеткізу.

Отыңды өшірме

Сипаттамасы:

Өмірде жасаған жақсылығыңның да, жамандығыңның да қайтарымы болады. Азат пен шешесі екеуі Перизатқа күн көрсетпеп еді, ақырында өздері сорлап қалды. Айым жеңгесінің ақылына құлақ аспай, өз өміріне жауапсыз қарап, сайран салып еді, жазасын тартты.

Перизат қанша қиналса да, ешкімге қиянат жасаған жоқ, адал тірлігінен танбады, тағдырдың салған ісіне сабырмен қарады, мойымады, тырбанып, ілгері ұмтыла берді, ақырында, Алла оған сол ізгі амалына сай сауап жазды, жақсы азаматқа жолықтырды, перзент сыйлады.

Телехикая жақсылық етсең де, жамандық істесең де, оның түбінде өзіңе қайтып оралатынын еске салады.

  • Жанры: көркем драма
  • Өндіруші: «Қазақстан» РТРК» АҚ
  • Ұзақтығы: 42 мин
  • Бөлім саны: 20
  • Эфир күні мен уақыты: дс-жм, 20:40