Онлайн кастинг «Махаббат қызық мол жылдар»

Біз туралы

Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 75 жылдығына арналады. «МАХАББАТ, ҚЫЗЫҚ МОЛ ЖЫЛДАР» телехикаясы мәңгілік ескірмейтін, қашанда өзекті махаббат тақырыбын қамтиды. Ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан адамзат атаулының жанын тербеп, көкірегіне нұр құятын нәзік сезім Әзілхан Нұршайықовтың романына арқау болған еді. Өз заманында оқырмандар ең сүйіп оқыған бұл атақты шығарма қазіргі ұрпақтың да көңілінен шығары сөзсіз. Әр адамның тағдырын айналып өтуі мүмкін емес осы бір алапат сезімнің әсерін өскелең ұрпақтың зердесіне кино тілімен сіңіру үшін алдымызға зор мақсат қойып отырмыз.

Басты рөлдерге актерлер халық дауысымен алынады! Қатысыңыздар және сүйікті актерлеріңізге дауыс беріңіздер!

Видео тапсырыс беру үшін, әр рөлдің соңындағы толығырақ түймесін бассаңыз парақшаның төменгі жағына келтірілген мысал видеоны мұқият қарап шығып, видео тапсырысты жүктеңіз түймешегін басыңыз да өз телефоныңыздағы камерамен 7 эмоцияны видеоға түсіріп түсірілген видеоны жүктеңіз

Әзілхан Нұршайықов романының желісі бойынша түсірілетін жиырма сериялы көркем фильміне басты және қосалқы рөлдерге кастинг жариялаймыз!

Кастинг «Махаббат қызық мол жылдар»

Әзілхан Нұршайықовтың бұл шығармасы шынайы, пәк, нағыз махаббат туралы жазылған ең сәтті шығармалардың бірі және сонысымен де қазақ әдиебиетінің классикасы болып танылған. Телехикая барысында соғыс уақыты мен соғыстан кейінгі жылдарғы кезеңдер де қамтылады.

Әрине, «МАХАББАТ, ҚЫЗЫҚ МОЛ ЖЫЛДАР» романы халықтың көңілінен шыққан, жүрегіне жылу сыйлаған шығарма болғандықтан телехикаяда ойнайтын актерлер мен актрисалар да халықтың жанына жақын өнер иелері болуы шарт, сол себепті оларды да ХАЛЫҚТЫҢ ӨЗІ ТАҢДАУЫ керек!

Өз таңдауларыңызды жасап, ең үздіктерге дауыстарыңызды беріңіздер! Сүйікті жазушымыздың даңқты романы желісінде түсірілетін телехикаяның басты рөлдерін кімдер сомдайтынын енді СІЗДЕР шешесіздер!

Карантин кезінде интернет жүйесінің баяу болуына байланысты видео тапсырыс жүктеп үлгермегендерге, 7 эмоцияны орындап видео тапсырыс жүктеуге рұқсат етіледі!

«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының тапсырысы бойынша, Әзілхан Нұршайыховтың «Махаббат, қызық мол жылдар» тарихи романының желісі бойынша, түсірілгелі жатқан «MG Production plus» кинокомпаниясы, 15-ші наурыз бен 30-шы мамыр аралығында, «WWW.CINEXUS.KZ» сайтында барша ҚР бойынша өткізілген онлайн кастингтің қорытынды шешімін ұсынады!

Құрметті кастинге қатысушы, және дауыс беруші қауым, ең бірінші орында бізбен бірге болып, кастинге қатысып, дауыс беріп қолдағандарыңызға, осы уақытқа дейін шыдаммен күткендеріңізге, барлық «түсірілім тобының» атынан алғыс айтамыз! Кастингке видео арқылы тапсырыс жіберігендер саны – 2818 адам болса, фото арқылы тапсырыс саны – 4553 адамды құрады. Барлық тапсырыстар саны - 7371 адам! Осы күнге дейін барлық адамның фото – видеолары «бірнеше рет» қаралып, сараптаудан өтті. Бастапқыда айтып өткендей комиссия мүшелерінің (тапсырыс беруші «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы, продюсерлер, режиссер, кастинг директорлар» шешімі және де, халықтың дауысы ескерілуі арқылы шешілді! Дауыс ең көп жинаған үміткерлер Алматы қаласына шақырылып, видео пробадан өтті. Видео пробаға, актерлік шеберліктерін ескере отырып рөлдерге бекітілді! Дауыс аз жинаған, бірақ актерлік шеберліктері жақсы үміткерлер де қарастырылды. Ең бірінші орында «актерлік шеберлік» болды. Себебі «Махаббат, қызық мол жылдар» тарихи сериалы біз үшін де, сіздер үшін де көптен күткен маңызды, және өте жауапты жоба! Өкінішке орай көп үміткерлер видепробаға шақырлған кезде келе алмады. Сондай – ақ, Ерболдың рөліне бірінші орын алған Аманбаев Бегайдар өз еркімен түсірілімнен бас тартты!

Ербол

Ермек Тұрғанбек

Талғар қаласы

Несіп

Қуаныш Бейсеғалиев

Талдықорған Қызылағаш ауылы

Тұмажан

Алихан Лепесбаев

Талдықорған Сарыөзек ауылы

Меңтай

Нарқыз Айдарова

Іле ауданы Ақши ауылы

Тана

Нұрия Бөкенбаева

Орал қаласы

Майра

Ақерке Абдолдаева

Үшарал қаласы

Қанипа

Балнұр Әбдіғалиева

Жамбыл облысы Жаңатас қаласы

Зайкүл

Ақпейіл Манарханова

Үштөбе қаласы 4 орын - Меңтай

Мәриям

Камила Ермекова

Павлодар қаласы

Жомартбек

Нұржігіт Мергенбай

Жамбыл облысы Құмарық ауылы

Тәкен

Асхат Амантай

Алматы облысы Қалпе ауылы

Заман

Әлсейіт Есбатыр

Ақтөбе облысы Жарқамыс ауылы

Жүйке

Аслан Жанұзақов

Ақтөбе қаласы

Дастан

Жалғас Лепесбаев

Жаңаөзен қаласы 1 орын - Дастан

Болат

Нұркенұлы Бейбарыс

Астана қаласы Жомартбекке 1 орын

Рита

Капец Надежда

Павлодар қаласы

Ваня

Радион Губин

Алматы қаласы

Арина

Алена Кенина

страна Россия Город Новосибирск

Гүлдана

Айнұр Жұмабаева

Арқалық қаласы 2 орын - Меңтай

Меңсұлу

Айман Ерсоветова

Өскемен қаласы 3 орын - Меңтай

Сұлушаш

Айтқожа Альбина

Шымкент қаласы 1 орын - Меңтай

Меңтайдың анасы

Иманқұлова Индира

Ақши ауылы

Аня

Виктория Трегубова

Тараз қаласы

Партизанка Вера

Шпетная Анастасия

Алматы қаласы

Дәулет

Канат Асан

Жаркент Көктал-Арасан ауылы

Айтқали

Нұржан Әбіласан

Қызылорда облысы Сырдария

Асқар

Жанқабылов Әділбек

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы

Есен – Ерболдың әкесі

Айдос Әуесбаев

Жаркент қаласы

Шалдуар Шалғынбаев

Марат Көккөзов

Ақтөбе қаласы

Бүркітбай

Ерлан Малаев

Еңбекші-Қазақ ауданы Шелек

  • WWW.CINEXUS.KZ сайтындағы алғашқы жобамыз болғандықтан, кем – кетікерімізді алдағы жобаларда түзетуге уәде береміз. Және де сіздердің фото – видеоларыңыз, сайтта өтетін барлық киножобаларда қарастырылады. Бақтарыңыз басқа жобаларда да жанатынына күмәндаңбаңыздар!
  • 7371 үміткердің ішінен үміткерлерді таңдап алу біз үшін оңайға соққан жоқ. Қорытындының кешігіп шығу себебі де осыда;
  • WWW.CINEXUS.KZ порталын өзіңіздің ұялы телефоныңызға жүктеп, «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының , «Qazaqfilm» киностудиясының «Алтын қорын» тегін тамашалай аласыздар.
Келесі жобада амандықта жолыққанша!
Жеріміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Жиі қойылатын сұрақтар

  • Егер сізде iPhone болса, Cinexus қосымшасын қалай орнатуға болады?

  • Егер сізде Samsung, LG, Xiaomi, т.б. болса, Cinexus қосымшасын қалай орнатуға болады?

  • Құрметті дауыс берушілер! Сіздерден келіп түсіп жатқан ең басты сұрақ - Қалай дауыс береміз?

    • Ең бірінші сіз www.cinexus.kz сайтын өзіңіздің ұялы телефоныңызға жүктеп алуыңыз керек! Қалай жүктеу керектігі жайлы толық инструкция жоғарыда видеода көрсетілген! Мұқият қарап, қайталаңыз!
    • Дауыс беру үшін міндетті түрде тіркелуге тиіссіз! Кастингке қатыспаймын, тек қана дауыс беремін десеңіз, анкетаны толтырып, сурет және виде жүктеудің қажеті жоқ! Тек қана тіркелесіз! Бастысы құпия сөзіңізді (пароль) және логиныңызды ұмытып қалмау үшін, блокнот немесе ұялы телефоныңыздағы «заметки» деген жерге жазып қойыңыз! Тіркелу арқылы сіз үміткерлердің қанша дауыс жинап жатқаның, дауыс берудің қаншалықты әділ өтіп жатқаның өз көзіңізбен бақылап отыра аласыз!
    • Тіркеліп болған соң, өз парақшаңызға кіресіз (логин және құпия сөзіңізді еңгізу арқылы). Содан кейін жоғарыда тұрған видео тапсырысқа дауыс беру деген жазудың үстін басып, бөлімге өтесіз.
    • Әрі қарай тіпті оңай, өзіңізге ұнаған үміткерге «ГОЛОСОВАТЬ» деген түймені басып дауысыңызды қалдыра аласыз! Немесе қателесіп дауыс берген болсаңыз, сондай – ақ дауысыңызды қайтарып ала аласыз!
    ЕСІҢІЗГЕ САЛАМЫЗ: - сіз әр кейіпкерге 5 үміткерден таңдап, өз дауысыңызды бере аласыз! (Мысалы: 5- Меңтай, 5 – Ербол, 5 – Жомартбек, 5 – Арина, т.с.с).

Байланыс жасау

Город Алматы, ул. Мауленова, д.93

CINEXUS - стримингтік платформа мен әлеуметтік желіні үйлестіре біріктірген бірегей ғаламтор-порталы. Бұл жерде адамдар пікір алмасып, киноны талқылай алады, өз видеоларын жүктеп, кино көріп, көңілінен шыққан фильмге, актер немесе сценариге дауыс бере алады.

Copyright © All rights reserved | Cinexus