ТОЛЫҚ МЕТРАЖДЫ КӨРКЕМ ФИЛЬМ ”ҰЛЫ ДАЛА ЗАРЫ”

Фильмді әлемдік деңгейде жарнамалауға өз еркіңізбен қолдау көрсете аласыз: 4400 4301 5403 0818 - Ернар М. (Kaspi Gold)

Дата публикации: 2021-05-31 Возрастное ограничение: 21+
Понравилось:

Қапаста қалған қасырет...

Өткен ғасырдың 20 – 30 жылдары Қазақ даласында большевиктер қасақана ұйымдастырған алапат зұлымдықтың салдарынан халқымыздың 70 пайызы аштан қырылып қалды. Сайын даланы жалмауыздай жалмаған ашаршылық қасыретінің шындығы ашылмай әлі күнге дейін ақиқаттың айбарынан жел есе қойған жоқ.

Адам төзгісіз қасыретпен күресіп, ажалмен арпалыса жүріп аштан өлмеудің қамын жасаған аңшы-бүркітші отбасының алдында өте қиын таңдау тұр еді. Басқа түскен қиындыққа мойынсұнып ажалға бас иіу немесе қалай да жанталасып тіпті адамдықтан аттаса да тірі қалу.

Қыс. Тау арасындағы қазақ ауылы. Бұл ауылдың басына ашаршылықтың бұлты үйірілген. Тұрар тісқаққан аңшы-бүркітші, ол өз отбасымен ауылдан жырақ қыстауда тұрса да бүкіл ауылдың қамын ойлаған ел азаматы. Ол отбасын аштықтың тырнағынан аман алып қалудың қамын ойлап бөтендерден іргесін аулақ салған. Бір күні Тұрар тауда қыстың қақаған аязында өлім аузында жатқан досы Мәденді тауып алады. Тұрар оны ажалдан арашалап қалады, бірақ оның бұл қылығы өзіне бәле болып жабысады.

Оның отбасы аштан өлудің аз-ақ алдында. Тұрардың әйелі Нұрия балаларын аштықтан аман алып қалу үшін барып салып, жанталасып жүр. Бірақ күйеуінің көмегінсіз, адам төзгісіз жағдайларға тап болған ол балаларын аман алып қалу үшін адам ақылы бармайтын небір сұмдықтар жасауға дайын екенін ұғынады. Олардың тығырыққа тірелген болашақтары бұлыңғыр.

Қақаған қыс қаһарын төгіп тұр. Жұт жеті ағайынды деген рас екен..

Бұл қилы тағдырлардың бір араға тоғысқан, өмір мен өлім арпалысқан, адами қасиеттердің жұрдай болған, адамдықтан аттаудың аз-ақ алдында тұрған пенделердің оқиғасы. Бұл жерде мәдени құндылықтар мен адамгершілікке орын жоқ. Тек аштан өлмеудің күйін күйттеген, хайуани азғындыққа дейін баратын ашкөздік қана бар. Ар мен азғындықтың безбенге түскен сәті. Бұл сондай зұлмат заманның талқысына түскен адамдардың тағдыры. Бұл жерде адамдардың бір-біріне деген аяушылық сезімі жоқ, әркім өз қара басының қамын ойлаған пендешілік қана бар.Бірақ.....

1920-1933 жылдардағы Қазақстандағы Ашаршылық жайлы “ҰЛЫ ДАЛА ЗАРЫ” халықтық фильмін АҚШ Сенаторлары мойындап отыр.

Қазақстандық кино өнімін АҚШ Сенаты тұңғыш рет мойындап отыр. «Ұлы Дала Зары» (The crying Steppe) фильмін көріп шыққан АҚШ Сенаторлары шығармашылық топ пен продюсерлік топқа маңызды фильмді түсіргендері үшін өз құрметтерін білдіріп, Қазақстанға Резолюция жолдаған.

«АҚШ-тың 12 - округының сенаторы Кевин Эвард «The Crying Steppe» (шынайы оқиға негізінде түсірілген) кинокартинаның шығармашылық тобына Қазақстанда орын алған 1920 және1930-шы жылдардағы аса маңызды тарихи тақырыпты көтерудегі қажырлы еңбегі үшін алғыс білдіреді. Осындай терең шынайы фильм арқылы шығармашылық топ әлемдік деңгейде қазақ трагедиясының шындығын қабылдау үшін қажетті қадамның алғышарттарын жасап отыр. Бұл болашақ үшін маңызды тарихи дәріс.»

Сондай-ақ сенаторлар Маликов мырза мен Құнарова ханумға және барлық шығармашылық топқа 1920 және1930-шы жылдары Қазақстанда орын алған жойқын геноцидті көрсеткендері үшін алғыс білдіреді.Терең зерттелген осы фильм арқылы адамдар геноцид сұмдығын жақыннан танып, оны болдырмау үшін тағы бір қадам жасары анық.

Қазірдің өзінде фильм АҚШ (LA WomenFilmAwards, Bestforeignfilm), Испания (MadridFilmAwards, bestfilm), CostaBrava (Bestfemaledirector) тәрізді бірнеше кинофестивальдердің жүлдесіне ие болды. Сонымен қатар фильм Австралия, Италия, Канада, АҚШ, Марокко және т.б. халықаралық кинофестивальдерге таңдалған.

20-30-шы жылдардағы Қазақстандағы Ашаршылық құрбандарын жариялаған «Ұлы Дала Зары» фильмін түсіру үшін “MG ProductionPlus”кинокомпаниясына 5 жыл қажет болды.Фильмнің режиссері Марина Кунарова. Фильм осы жобаның жетекшісі, әрі продюсері Ернар Маликовтың ұсынысы мен қаражаты арқылы жүзеге асқан. Сондай-ақ, қазақ трагедиясының шындығын шығаруға атсалысқан 10 000-ға жуық қазақстандық 100 теңгеден бастап 1000 теңгеге дейін ақша салып, Start Time краудфандинг платформасы негізінде өз үлестерін қосты. Сондықтан да кинокомпания фильмді халықтық деп есептейді және жобаға атсалысқан әр адамға алғысын білдіреді. Фильм Қазақстан халқының 70 проценті қырғынға ұшыраған шынайы тарихи оқиға негізінде түсірілген. Процентке шаққанда ең көп зардап шеккен қазақ халқы! Аштық Советтік режим тарапынан қолдан жасалған. Жалпы Советтер Одағы бойынша аштықтан 47 млн.адам қырылған: қазақ, украйн, орыс, башқұрт, татар, шешен және т.б. ұлт өкілдері. Тарихтың қорқынышты сабақтары енді ешқашан қайталанбауы тиіс.

Өз ой-пікіріңізді қалдырыңыз🙏🙏🙏

Всего:845

  • Автор: look look Дата публикации: 2022-10-20

    Көрсетеді Жауап беру
  • Автор: Surpickij Edvard Дата публикации: 2022-03-13

    неге көретпейді Жауап беру
  • Автор: Bakitovish Erkezh Дата публикации: 2022-01-28

    Ернар аға сіз бұл марапатқа тұрарлықтай еңбек еттіңіз.Ел алдындағы үлкен абыройға ие болуыңызға тілектеспін. Жауап беру
  • Автор: Аккожаева Жаныл Дата публикации: 2021-11-08

    Қайран елім, басынан не өтпеді, қандай қасірет шеккен ата-бабаларымыз. Жастар ел тарихын білуі керек. Жауап беру
  • Автор: Алпамыс Саида Дата публикации: 2021-09-07

    Толык нуска кайда? Жауап беру
  • Автор: Temirbekova Aidana Дата публикации: 2021-08-22

    Толық нұсқасы жоқ па Жауап беру
  • Автор: Dysembekova Gulnaziya Дата публикации: 2021-06-09

    Bul filimde Dulyga Aqmolda Agamyzdyn oiynin zhogary bagalaimin!!! Жауап беру
  • Автор: Jakabay Nurlan Дата публикации: 2021-06-05

    Каремет түсірген фильм. Енді дүние жүзіне жариялап, қазақ елінің осы жылдардағы аштықтан қырылғанын ГЕНОЦИД деп жарияласа, көп елдер мойындар еді Жауап беру
  • Автор: Assen Aida Дата публикации: 2021-06-04

    Осындай кино түсіргеніңіз үшін мың алғыс! Жауап беру
  • Автор: Канатович Ади Дата публикации: 2021-06-03

    Сабыр акыл шешым натиже Жауап беру

Жиі қойылатын сұрақтар

  • Егер сізде iPhone болса, Cinexus қосымшасын қалай орнатуға болады?

  • Егер сізде Samsung, LG, Xiaomi, т.б. болса, Cinexus қосымшасын қалай орнатуға болады?


    Қосымшаны Android жүйесінде жұмыс істейтін Samsung, LG, Xiaomi немесе басқа смарт телефондарға жүктеу үшін «Cinexus жүктеу» батырмасын басуға болады. Сіз Google Play Market-ке бағытталасыз, онда сіз біздің ресми қосымшамызды жүктей аласыз.

Байланыс жасау

Город Алматы, ул. Мауленова, д.93

CINEXUS.KZ - ОНЛАЙН КИНОТЕАТР, стримингтік платформа мен әлеуметтік желіні үйлестіре біріктірген бірегей ғаламтор-порталы. Бұл жерде адамдар пікір алмасып, киноны талқылай алады, өз видеоларын жүктеп, кино көріп, көңілінен шыққан фильмге, актер немесе сценариге дауыс бере алады. CINEXUS – интерактивті стримингтік платформа, бұл жерде жәй көрермен ретінде ғана емес, пікір бөлісіп, өзге де адамдардың жетістікке жетуіне әсер ете алады.

Толығырақ

Copyright © All rights reserved | Cinexus